07.09.2019, 15:25
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында 90 келі марихуана жасырылған қойма табылды
Тінту барысында бұрын істі болған екі әйел ұсталды
ФОТО: Маңғыстау облысының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан
«Көкнар-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында салмағы шамамен 90 келі болатын марихуана табылды, - деп хабарлайды «Azattyq ruhy» тілшісі.
Маңғыстау облысы есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында бұрын сотты болған 39 жастағы К. және 44 жастағы Б. есімді әйелді ұстады. Қызметтік іздестіру иттерімен тінту жүргізу барысында салмағы 88 келі болатын 7 қап марихуана табылды.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға қатысты мүлкін тәркілеу мен алты жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады