$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алдағы қысқы маусымда электр энергиясының тапшылығы болжанып отыр

577 нысанда жалпы құны 3,8 млрд теңгені құрайтын жөндеу жүргізу жоспарланған

Қазақстанда алдағы қысқы маусымда электр энергиясының тапшылығы болжанып отыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

«KEGOC» акционерлік қоғамының басшысы Нәби Айтжанов электр энергиясы тапшылығы туралы айтып, 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы маусымына арналған электр теңгерімінің болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нәби Айтжанов компания негізгі жөндеу науқанын аяқтап, апаттық қорды қалыптастырғанын, сондай-ақ қысқы кезеңде ҰЭЖ ақаусыз жұмыс істеуі үшін персонал мен техниканың дайын екенін атап өтті.

2025 жылы KEGOC 577 нысанда жалпы құны 3,8 млрд теңгені құрайтын жөндеу жүргізуді жоспарлаған. 511 нысандағы жұмыстар орындалған, бұл жылдық жоспардың 89%-ы.

Электр желілері мен қосалқы станция жабдықтарын жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін, ал ғимараттар мен көлік бойынша жұмыстар қарашада аяқталады.

Болжамдық теңгерімге сәйкес, күтілетін ең жоғары жүктеме 17,6 ГВт, ал қолжетімді генерация 16,7 ГВт деңгейінде болған жағдайда, қуат бойынша 0,9 ГВт және 1,1 млрд кВт·сағ электр энергиясы көлемінде тапшылық болады деп күтілуде. Бұл тапшылық іргелес энергетикалық жүйелерден импорттау есебінен өтелмек.

Серіктес жаңалықтары