$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің басым бөлігінде күн салқын болады: жұма күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

17 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

Еліміздің басым бөлігінде күн салқын болады: жұма күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17 қазан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде түнгі аяз сақталып, тұман түседі, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік және орталық аймақтарда – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы сақталады.

Түнде ауа температурасы -1…-10°С, күндіз +4…+10°С шамасында болады.

Астанада түнде -3…-5°, күндіз +8…+10°С жылы болады.

Шығыс өңірлерде – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы -7…-10°С дейін төмендейді, күндіз +3…+8°С шамасында болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Батыс облыстарда – Батыс Қазақстан мен Атырау өңірлерінде кей жерлерде жаңбыр және қар ұшқындауы ықтимал. Түнгі температура 0…+5°С, күндіз +8…+15°С жылы.

Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында күн бұлтты, кей өңірлерде аздаған жауын жауады. Күндіз ауа температурасы +10…+18°С.

Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында ашық, жылы ауа райы күтіледі. Түнде аздап салқындап, кей жерлерде топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз +15…+26°С аралығында жылы болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында күн жылы әрі желсіз болады. Түнде +3…+10°С, күндіз +19…+24°С аралығында.

Серіктес жаңалықтары