16.10.2025, 15:59
Жаңалықтар
Қазақстанда доллар аздап арзандады
KASE қор биржасындағы доллар бағамы 1,6 теңгеге төмендеді
Фото: freepik.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 537,84 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш кешегі уақытпен салыстырғанда 1,6 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 16 қазанға арналған ресми бағамы – 539,56 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 537,81 теңгеден сатып алынып, 539,74 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада сатып алу бағасы орташа есеппен 536,53 теңге болса, сату бағасы – 542,54 теңге.
Айта кетсек, 13 қазандағы сауда қорытындысы бойынша доллар 1,16 теңгеге арзандаған, 14 қазанда 0,92 теңгеге, ал 15 қазанда 0,63 теңгеге қымбаттаған.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты