$ 537.77  622.95  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысының тұрғындары қоқыс шығару қызметі үшін 12,8 млн теңге артық төлеген

Қоқыс шығару тарифін заңсыз көтерген кәсіпкерлер жазаланды

Абай облысының тұрғындары қоқыс шығару қызметі үшін 12,8 млн теңге артық төлеген
Фото: istockphoto.com

Абай облысының Бородулиха ауданында бәсекелестікті қорғау саласында прокуратура анықтаған нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдалану дерегі бойынша екі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, 2023-2024 жылдар аралығында кәсіпкерлер бір жылдан астам уақыт бойы абоненттерден қоқыс сұрыптау және көму қызметтері фактілі түрде көрсетілмесе де, негізсіз төлем алып келген. Ай сайынғы тариф қалдықтарды жинау мен тасымалдауға ғана белгіленген 216 теңгенің орнына 403 теңгені құраған.

Нәтижесінде 62 кәсіпкерді қоса алғанда 6 мыңнан астам абонент 12,8 млн теңге артық төлеген.

«Аудандық соттың қаулыларымен екі заңбұзушы да ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1 бөлігі бойынша (нарық субъектілерінің өз үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті органның нұсқамасына сәйкес заңсыз әрекеттер тоқтатылып, жаңа тарифтер бекітілгенге дейін қызмет құны 216 теңгеге дейін төмендетілді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары