12.10.2025, 10:36
Жаңалықтар
Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі артады
Синоптиктер тұрғындарға ескерту жасады
Фото: © istockphoto.com
12 қазанда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy«Қазгидрометке» сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, Ақтау, Алматы және Өскемен қалаларында қолайсыз метеожағдайлар байқалады.
Ауаның ластануына не себеп болады?
«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосферадағы ауа алмасуды қиындататын қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың жиынтығы.
Мұндай жағдайларға мыналар жатады:
- Штиль мен әлсіз жел — зиянды заттардың ауада жиналуына әсер етеді;
- Тұман мен инверсия — ауаның қозғалысын баяулатып, қалдықтардың таралуына кедергі келтіреді.
Тұрғындарға ұсыныстар
Синоптиктер қала тұрғындарына төмендегідей сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:
- ашық ауада жүру уақытын шектеу;
- автокөлік жолдарының маңында ұзақ болмау;
- өкпе, жүрек-қан тамыр немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға дәрі-дәрмекті өзімен бірге алып жүру.
«Мұндай күндері физикалық белсенділікті азайтып, қажет болмаса сыртқа шықпаған жөн», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)