$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да әйел адам балаларының әкесі кім екенін сот арқылы дәлелдеп алды

Ол марқұм күйеуімен бүгінге дейін ресми некеге тұрмай келген

БҚО-да әйел адам балаларының әкесі кім екенін сот арқылы дәлелдеп алды
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында әйел адам баласының әкесі кім екенін сот арқылы дәлелдетіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел сотқа төрт кәмелетке толмаған баласы үшін әкелік фактіні анықтау туралы өтінішпен жүгінген. Бұл оған асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы рәсімдеу және балаларға әкесінің тегін беру үшін қажет болған.

Сот отырысында анықталғандай, әйел мен азаматтық некедегі күйеуі 2005 жылдан бері бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізген, алайда ресми некеге тұрмаған. Осы уақыт ішінде олардың төрт баласы дүниеге келген. Өтініш берушінің айтуынша, ресми түрде әкелік фактіні тіркеу қаражаттың жетіспеуіне байланысты жүргізілмеген.

2025 жылдың наурыз айында ер адам кенеттен қайтыс болған. Ол тірі кезінде балаларының әкесі екенін біліп, олардың тәрбиесіне араласып, бірге тұрған. Бұл деректер марқұмның туыстары мен көршілерінің куәлігімен, сондай-ақ отбасылық фотоматериалдармен расталды.

Осы мән-жайларды ескере отырып, сот әйелдің өтінішін қанағаттандырып, марқұмның балаларға қатысты әкелік фактісін мойындады. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары