12.10.2025, 11:35
Жаңалықтар
Семейдегі сайлау: тұрғындар алғаш рет өңір орталығының әкімін таңдап жатыр
Қалада 128 сайлау учаскесі ашылды
Фото: қала әкімдігі
12 қазан күні Семей қаласында әкім сайлауы басталды. Бұл – ел тарихындағы алғашқы жағдай, яғни алғаш рет өңір орталығының тұрғындары өз әкімін тікелей дауыс беру арқылы таңдап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
128 сайлау учаскесі ашылды
Семейде таңғы сағат 07:00-де сайлау учаскелері ашылды.

Қала аумағында 128 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр:
- 110 ашық учаске – барлық тұрғын үшін;
- 18 жабық учаске – уақытша өзге жерде жүрген азаматтарға арналған.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, сайлау комиссияларының құрамында 929 адам бар.
Қаладағы сайлаушылар саны – 220 761 адам.

Әкім лауазымына үш кандидат тіркелген
Семей қаласының әкімі лауазымына үш үміткер ұсынылды:
- Әділет Қожанбаев – Көкпекті ауданының қазіргі әкімі;
- Айболат Бекжасаров – қалалық мәслихаттың бұрынғы төрағасы;
- Қанық Төлеуов – Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры.

Бұл сайлау — жергілікті өзін-өзі басқару реформасының нақты көрінісі. Бұған дейін облыс және аудан орталықтарындағы әкімдер президенттің келісімімен тағайындалса, енді тұрғындардың тікелей таңдауы шешуші рөл атқарады.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)