Қызылорда облысында динозаврдың сүйегі табылды
Қазақстанда палеонтологиялық кешендер өте аз
Қызылорда облысында Қармақшы ауданының орталығынан солтүстікке қарай 90 шақырым жерде орналасқан Шах-Шах шатқалынан ежелгі жануардың қалдықтары табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала деректерге сүйенсек, табылған сүйектер мезозой дәуірінің бор кезеңінде өмір сүрген динозаврға тиесілі.
Ерекше олжа қазір ғалымдардың қолына өтті және ол ғылыми ортада үлкен қызығушылық тудырды. Палеонтологтар мұндай жәдігерлердің Қазақстан аумағында өте сирек кездесетінін атап өтті.
«Қазақстанда палеонтологиялық кешендер өте аз. Сондықтан табылған әрбір жәдігер өте құнды. Қазір олжаны палеонтологтар зерттеп жатыр. Шах-Шах шатқалы болашақта туристік нысанға айналуы тиіс. Бұл сөзсіз әлем ғалымдарының қызығушылығын арттырады», – деді облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Асхат Сайлау.