$ 541.54  629.16  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістанда ұлы әкесіне бауырын беріп, ота жасатты

Өңірде мұндай ота екінші рет жасалды

Түркістанда ұлы әкесіне бауырын беріп, ота жасатты
Фото: gov.kz

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен аймақтағы екінші бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

54 жастағы науқаста бауыр циррозы, біріншілік билиарлық холангит бауыр-жасушалық жеткіліксіздік, паренхиматозды сарғаю, өңеш тамырларының варикозды бауыр энцефалопатиясы болған.

Науқас бірнеше жылдан бері гастроэнтерологтың «Д» есебінде тұрған. Ауруы асцитпен, портальды гипертензиямен және спленомегалиямен асқынған. Ұзақ емдеу шараларына қарамастан, жағдайының үдей түсуіне байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болды.

Донор ретінде науқастың 24 жастағы ұлы өз еркімен донор болуға келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Абсолюттік қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.

Операция А.Сызғанов атындағы ҰҒХО және Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бірлескен командасымен өткізілді. 

Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.

Бұл – Түркістан облысында жасалған екінші бауыр трансплантациясы.

Серіктес жаңалықтары