$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 300 млн теңгеге жуық салық төлемеген ер адам БАӘ-ге қашып кеткен

Салық төлеуден жалтарған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Қазақстанда 300 млн теңгеге жуық салық төлемеген ер адам БАӘ-ге қашып кеткен
Фото: Telegram/Бас прокуратура/Видеодан скриншот

Қазақстанда 293 млн теңге салық төлеуден жалтарған ер адам Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен. Оны Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен елге экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметінше, ол осы ісі үшін Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтірген.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздестірілуде болды.

Осы жылдың қыркүйек айында ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілді.

«Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Жасалған қылмыстары үшін оған мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Биыл Біріккен Араб Әмірліктерінен 9 іздестіріліп жүрген адам экстрадицияланды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары