Қазақстанның жарты аумағында экология нашарлайды – синоптиктер
«Қазгидромет» болжам жасады

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 10 қазанда, еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың айтуынша, бұл құбылыс қолайсыз ауа райы факторларының әсерінен, яғни зиянды қоспалар жерге жақын ауа қабатында шоғырланып, таралмай қалады.
«2025 жылдың 10 қазанында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана мен Қостанайда күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
ҚМЖ дегеніміз не және ол несімен қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМЖ) – бұл мынадай ауа райы құбылыстары:
- Тымық ауа;
- әлсіз жел;
- тұман;
- температуралық инверсия.
Мұндай жағдайда ауадағы ластаушы заттар таралмай, жиналып қалады, соның салдарынан ауа сапасы уақытша нашарлайды, әсіресе тығыз қоныстанған немесе өндірістік аудандарда.