$ 541.54  629.16  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада ер адам полицияға ай сайын 50 мың теңгеден төлеп тұратын болды

Ол көлікті тіркеу кезінде төлемеген алымды бөліп төлеуге келісті

Қызылордада ер адам полицияға ай сайын 50 мың теңгеден төлеп тұратын болды
Фото: freepik.com

Қызылордада көлікті міндетті тіркеу алымын төлемей рәсімдеген ер адам Полиция департаментімен қарызды бөліп төлеу туралы келісімге келді. Сот тараптардың келісімін бекітіп, ер адамға ай сайын 50 мың теңгеден төлеу міндетін жүктеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотқа Полиция департаменті талап арыз беріп, жауапкерден көлікті тіркеу кезінде төленбеген міндетті алымды өндіруді сұраған.

«Жауапкердің атына 2007 жылы шыққан көлік тіркелген. Алайда оны алғаш рет тіркеу кезінде міндетті алым төленбеген. Осыған байланысты департамент 6 945 000 теңге көлеміндегі қарызды өндіруді сұрады», – делінген сот хабарламасында.

Істі қарау барысында тараптар өзара келісімге келген.

«Келісімшарттарына сәйкес, жауапкер Полиция департаментіне 4 475 290 теңге көлеміндегі соманы төлеген. Қалған шамамен 2,4 миллион теңге қарызды 2025 жылғы 10 қазаннан бастап ай сайын 50 мың теңгеден өтеп отыруға міндеттелді», – деп нақтылады сотта.

Сот тараптардың мәмілені өзара келісіммен бекіткенін растап, іс жүргізуді тоқтатты.

Серіктес жаңалықтары