$ 540.06  628.25  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркиядан экстрадицияланған: экс-полицей Өскеменде қамауда көз жұмды

3 қазан күні жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылған

Түркиядан экстрадицияланған: экс-полицей Өскеменде қамауда көз жұмды
Фото: T.me/Бас прокуратура/Видеодан скрин

Түркиядан үш апта бұрын экстрадицияланып, Өскемендегі тергеу изоляторына қамалған бұрынғы құқық қорғау органының қызметкері көз жұмды. Бұл жағдайды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдегендей, Өскемен қалалық ауруханасында тергеудегі азамат кенеттен қайтыс болған.

«Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі – қос өкпе артериясының тромбоэмболиясы (тамырдың бітелуі). Бұл факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр», – делінген ресми ақпаратта.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, 3 қазан күні ол өзін жайсыз сезінгенін айтқаннан кейін жедел жәрдем шақырылып, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған. Алайда 7 қазанда кенеттен көз жұмған.

Айта кетейік, осыған дейін Бас прокуратура Түркиядан заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен бұрынғы құқық қорғау қызметкерінің экстрадицияланғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары