$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО аумағында ойын бизнесінің «атасы» атанған экс-полицей Түркияда қолға түсті (ВИДЕО)

Ол құмар ойын өткізгендерді қолдағаны үшін ақша алып келген

ШҚО аумағында ойын бизнесінің «атасы» атанған экс-полицей Түркияда қолға түсті (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Шығыс Қазақстан облысындағы құқық қорғау органында басшы бола тұрып, заңсыз құмар ойнайтындарға «қамқорлық» танытқан экс-полицей Түркияда қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратура оны Қазақстанға экстрадициялады.

«Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2015–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының бірінде басшылық қызметті атқара отырып, ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттерге қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған. Күдікті құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері болған. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. 2024 жылдың қаңтарында іздеудегі азамат Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге экстрадицияланды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Дереккөзге сүйенсек, күдіктіні Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қолға түсірген.

«Қазақстан азаматын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны және билігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айыпталған іс-әрекеттері үшін қылмыстық заңнама бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Серіктес жаңалықтары