Атырауда 50 орындық провизорлық стационар ашылады
Онда КВИ-ге алынған тест нəтижесі теріс көрсеткендер бақыланады

Атырауда 50 орындық провизорлық стационар ашылады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Қазір аймақта КВИ ахуалы күрделі болып отыр. Сондықтан, облыс басшылығы қосымша инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационар ашу мәселелерін қарастырып жатыр.
«Ерекше атап өтерлігі, қазіргі уақытта арамызда КВИ клиникалық белгілері бола тұра, тест нәтижесі теріс көрсетіп жатқан науқастар көбейіп отыр. Бұдан бөлек, ИВЛ аппараттарын алу мәселесі, қосымша зертхана ашу мәселелері де тұр. Бірінші кезекте облыстық аурухана жанынан 50 орындық провизорлық стационар ашылатын болады. Онда КВИ-ге алынған тест нəтижесі теріс көрсеткендер бақыланады. Жетіспей жатқан ИВЛ аппараттары демеушілер көмегімен жуырда алынады», - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Сонымен бірге, ТШО мен «Каспиан медикал» клиникасымен келісе отырып, КВИ-ге сынама алу үшін қосымша зертхана жұмысы жасақталатыны айтылды.
Ең басты мәселе, Атырауда дәрігер мамандар жетіспеушілігі болып отыр. Кадрлар, соның ішінде реаниматолог мамамандар, ивл аппаратын қоятын мамандар жоқ. Осыған орай, жекеменшік ауруханалардан көмек сұралып жатыр, деді Б.Хаменова.