ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 872 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылады?

Бүгін екі ел шекарасы бір күнге жабылады

Фото: ашық дереккөзден

Қытайдағы мейрамға байланысты көрші ел тарапы Қазақстанмен өткізу бекеттерін жабатынын мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

25 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасы бір күнге жабылады, деп хабарлады «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«25 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жұмысын уақытша тоқтатады. Қытайдағы мейрамға байланысты көрші ел осындай шешім қабылдады», - деп жазылған сайтта. 

Шекарадан адамдар мен жүк көліктері 26 маусымнан бастап өткізіле бастайды.

Қазақстанда карантиндік шектеулерге байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өтуге өзгеріс енгізген.

Бүгін, 25 маусым күні Қытайда айдаһар қайықтар мерекесі аталып өтеді. Бұл күн көрші елде демалыс болады.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат