Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 25 адам ауыр халде жатыр
Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 25 адам ауыр халде жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Өңірдегі инфекциялық стационарларда коронавирустан емделіп шыққандар саны 344 адам, ал ауырғандар саны 449 болатын. Провизорлық стационарларда қазір 400-ден астам науқас емделіп жатыр, оның 25-нің жағдайы ауыр және олар тыныс алу аппаратына қосылған. Барлық емханаларда «Call-center» жұмыс істейді, сол себепті жедел жәрдем қызметінің жұмысы ауырлай түскендігін ескеріп, аурудың алғашқы белгілері пайда болса бірден «103» қызметіне хабарламай, учаскелік дәрігермен байланысқан жөн. Ал, қажет болған жағдайда жедел жәрдем науқасты стационарға немесе аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жеткізеді», - деді ол.