$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2020, 00:45
Жаңалықтар

Қытайда сағатына 600 км жылдамдықпен жүретін пойыз сынақтан өткізілді

Бұл жылдамдықпен Алматыдан елордаға 3,5 сағатта жетуге болады

Қытайда сағатына 600 км жылдамдықпен жүретін пойыз сынақтан өткізілді
Фото: www.facebook.com

Қытайда сағатына 600 км жылдамдықпен жол жүретін пойыз сынақтан өткізіле бастады. Бұл туралы ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Пойыздың жаңа моделі мүлдем дыбыссыз. Оның бұрылу радиусы метрополитен радиусынан екі есе аз. Осы ерекшелігінің арқасында ол маршруттарды жоспарлауды оңтайландыра алады», - деп жазды Чжан Сяо.

Оның айтуынша, алдын ала сынақ пойыздың тұрақты жұмыс істейтінін көрсеткен. 

«Негізгі көрсеткіштер қажетті техникалық талаптарға сай. Бұл оқиға жоғары жылдамдықты көлік жүйесіндегі маңызды қадам саналады. Жоба 2016 жылы қолға алынған. Бұл жылдамдықпен Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 3,5 сағатта жетуге болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары