06.10.2025, 16:46
Жаңалықтар
Іле Алатауда сирек кездесетін Түркістан сілеусіні камераға түсіп қалды (ВИДЕО)
Сілеусін небәрі 5-10 метр қашықтықта кездесті
Фото: Видеодан скрин
Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш – Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақсай филиалының инспекторлары жүргізген рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бұл жануар бейнежазбаға түсірілді.
Әдетте тек фототұзақ арқылы тіркелетін сілеусін бұл жолы небәрі 5-10 метр қашықтықта кездесті.
«Аталған оқиға ұлттық парк аумағындағы биоалуантүрліліктің сақталуын және табиғатты қорғау шараларының тиімділігін айқын көрсетеді», – делінген Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарламасында.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты
23.08.2026, 21:17
24 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды