$ 545.67  636.41  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан музыкалық драма театры V маусымын «Бекзат» премьерасымен ашады

Қойылымның премьерасы 9, 10, 11, 12 қазан күндері сағат 19:00-ге жоспарланып отыр

Түркістан музыкалық драма театры V маусымын «Бекзат» премьерасымен ашады
Фото: Түркістан музыкалық драма театры

Биыл даңқты боксшының туғанына 45 жыл толуына орай Түркістан музыкалық-драма театры көрерменге Қуат Ежембектің «Бекзат» драмалық қойылымын тарту етеді. Киелі Түркістан топырағында дүниеге келіп, қазақ спортының айбынды жұлдызына айналған, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмір жолы сахналанған қойылым театрдың V маусымының алғашқы премьерасы болмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қойылым идеясының авторы – Асылхан Төлепов. Жоба жетекшісі – Айгерім Бозщина. Пьесаның авторы – Қуат Ежембек. Қоюшы режиссері – Carlo Sciaccaluga. Жарық бойынша суретші – Gaetano La Mela. Қоюшы режиссері – Carlo Sciaccaluga, ал режиссері – Giorgia Coco. Қойылым композиторы – Хамит Шанғалиев.

Бекзаттың спорт жолы алғаш рет бапкері Нұрлан Жұмабаевтың қолында басталды. Кейін ол ұлттық құраманың танымал жаттықтырушылары – Александр Апачинский мен Тұрсынғали Еділовтің қолдауымен халықаралық аренаға жол ашты. Олимпиада қарсаңында ол еліміздің әйгілі спорт саңлақтары – Ермахан Ибраимовпен, Болат Жұмаділовпен, Мұхтархан Ділдабековпен жақын араласып, олардың тәжірибесінен тағылым алды.

Қойылым тек шаршы алаңдағы жеңістерді ғана емес, сонымен бірге ананың алаңдаған жүрегін, әкенің үкілі үмітін, алғашқы махаббаттың мөлдір сезімін, жарыстардағы бәсекелестікті, жеңіс пен жеңілістің ащы-тәтті сәттерін де сахнада шынайы жеткізеді. Осылайша, көрермен Бекзаттың спорттық биіктерін ғана емес, оның адами болмысын, нәзік сезімдерін, отбасылық құндылықтарын және ел алдындағы жауапкершілігін де танып біледі.

Басты рөлдерде ойнайтындар: Қадыржан Төреханов, Досымжан Арқабеков, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Шерхан Саматұлы, Темірлан Еркінғалиев, Мұзафар Ғалымжанұлы, Данияс Нұрқабден, Мерей Құдайбергенов, Динар Қалдыбай, Темір-Сұлтан Мейірбек, Инабат Абытхан, Аида Серикова, Ақбөпе Сәбет, Айдана Аққали, Ұлан Әділбек, Сембай Нұрла.

Аталған қойылымның премьерасы 2025 жылдың 9, 10, 11, 12 қазан, сағат 19:00-ге жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары