06.10.2025, 17:46
Жаңалықтар
Доллардың ресми бағамы жарияланды: ол 545 теңгеден асып түсті
Доллар құбылып тұр
Фото: freepik.com
KASE-де күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 1,79 теңгеге төмендеп, 545,67 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 6 қазанға арналған ресми бағамы – 547,57 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 544,99 теңге, сату бағамы – 547,16 теңге. Астанада долларды орта есеппен 542,76 теңгеден сатып алып, 548,75 теңгеден сатады.
Еске салайық, 29 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,34 теңгеге, 30 қыркүйекте 0,29 теңгеге, 1 қазанда 0,08 теңгеге өскен, ал 2 қазанда 1,95 теңгеге төмендеп, 3 қазанда қайтадан 0,58 теңгеге көтерілген болатын.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды