$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ChatGPT-ге сыныптасын өлтіру туралы жоспар құрып беруді сұраған бозбаланың басы бәлеге қалды (ВИДЕО)

Оқиға АҚШ-тың Флорида штатында болды

ChatGPT-ге сыныптасын өлтіру туралы жоспар құрып беруді сұраған бозбаланың басы бәлеге қалды (ВИДЕО)
Фото: freepik.com

АҚШ-тың Флорида штатында жасөспірім ChatGPT-ге сыныптасын өлтіру жоспарын әзірлеп беруді сұраймын деп басы бәлеге қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Чат-ботқа сұраныс жіберілгеннен кейін полицияға хабар түсті

Флорида штатында 13 жастағы жасөспірім сыныптасын өлтіру жоспарын жасау туралы сұрауын ChatGPT чат-ботына енгізген. Сұрау «сабақ кезінде досымды қалай өлтіруге болады?» деген мазмұнда болған. Осы сұрау мектептің әлеуметтік желілер мен желілік белсенділікті қадағалайтын мониторинг жүйесі арқылы бірден байқалып, «дабыл» сигналы автоматты түрде қосылды.

Сұрақ-жауап алынғаннан кейін босатылды

Жүйеден түскен ақпарат құқық қорғау органдарына жедел жеткізілді де, 13 жастағы оқушы мектеп территориясында ұсталынды. Тінту және алғашқы сұрастырулар барысында жасөспірім бұл жазбаны сыныптасына ашумен, ренішпен жасаған әзіл екенін айтқан. Оның сөзін ескеріп, полиция оны босатқан.

Серіктес жаңалықтары