$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Іле Алатауына шыққан туристің қан қысымы көтеріліп кетіп, құтқарушыларды әуреледі

Туристі құтқарушылар төмен түсіріп алды

Іле Алатауына шыққан туристің қан қысымы көтеріліп кетіп, құтқарушыларды әуреледі
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысының Қарасай ауданында Совет шыңына (4317 м) көтерілу кезінде бір туристің қан қысымы көтеріліп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оған алғашқы медициналық көмек көрсету және эвакуациялау үшін Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) және Алматы қалалық ТЖД құтқару қызметінің мамандары дереу жолға шықты. Зардап шеккен азаматпен байланыс үзілген жоқ, орналасқан жері анықталды. Сондай-ақ оқиға орнына ТЖМ Медициналық апаттар орталығының дәрігерлері жіберілді.

«Туристерге жеткен құтқарушылар 1992 жылы туған ер адамды «Эдельвейс» қонақүйіне дейін аман-есен түсірді.

Құтқарушылардың үйлесімді жұмысы мен жедел әрекет етуінің арқасында операция сәтті аяқталды.

ТЖМ тауға шығар алдында денсаулығыңызды тексеріп, қажетті дәрі-дәрмектерді алуды ескертеді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары