БҚО тұрғынын бопсалап, қымбат телефонын тартып алған атыраулық қамауға алынды
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы жүйелі шаралар жүргізілуде

Полиция БҚО тұрғынын бопсалап, қымбат телефонын тартып алған атыраулықты қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметінше, биыл жаз айларында күдікті жәбірленушінің үйіне барып, қорқытып, iPhone 15 маркалы ұялы телефонын тартып алған. Кейін оны сол телефонды ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген. Барлық әрекет күдіктінің бақылауымен жүргізілген.
Ломбардтан 500 мың теңге алған соң, ер адам оқиға орнынан бой тасалаған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
БҚО Полиция департаменті басшылығы жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстарын ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Бұл бағыттағы іс-шаралар өңірде тұрақты түрде жалғасады», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.