$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада полиция тіміскіленіп жүрген жігіттерді камера арқылы тауып, қолға түсірді (ВИДЕО)

Олар гараж маңындағы бұталардың арасынан бір нәрсе іздеп, кейін «Cobalt» көлігіне отырып кетпек болған

Астанада камера арқылы полицейлер екі жігітті ірі көлемде есірткімен анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан 30 күндік есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар аясында күдіктілердің әрекеті жедел басқару орталығы операторлары арқылы тіркелген. Олар гараж маңындағы бұталардың арасынан бір нәрсе іздеп, кейін «Cobalt» көлігіне отырып кетпек болған.

Патрульдік экипаж дереу тоқтатқан көліктен 22 және 23 жастағы екі жігіт шықты. Жеке тексеріс кезінде бірінің қалтасынан 47 орам ақ түсті ұнтақ (мефедрон) және бір орам марихуана табылды. Олардың бірі есірткі затын іздеп жүріп, абайсызда әлдеқайда ірі партияға тап болғанын мойындады.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Астаналық полиция есірткі сақтау мен қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, профилактикалық шаралардың жалғасатынын атап өтті», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары