03.10.2025, 16:15
Жаңалықтар
Әзербайжан Bayraktar дронының өндірісін бастады
Ол өнеркәсіп паркінен шығады
Фото: Global Look Press/Yulii Zozulia
Baykar Makina түрік компаниясының жергілікті еншілес кәсіпорны Bayraktar Teknoloji Azerbaycan ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) өндіруге кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Report агенттігінің мәліметінше, өндіріс осы жылдың мамыр айында резидент мәртебесін алған Сумгайыт өнеркәсіптік паркінде жүзеге асырылып жатыр.
Қазіргі уақытта өндірілген өнім ішкі нарыққа бағытталған.
Әзербайжан экономика министрлігіне қарасты мемлекеттік салық қызметі Bayraktar Teknoloji Azerbaycan компаниясын 2022 жылы тіркеген.
Жарғылық қоры 1,7 млн манатты құрайды. Компанияның заңды өкілі – Baykar Makina компаниясының үйлестірушісі Хүсейн Топуз.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады