ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды
Оның атауы да белгілі болды

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырып, оған Trionda атауын берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі FIFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үш елдің символикасы
Жаңа доптың дизайны АҚШ, Канада және Мексика елдерінің рәміздерін біріктіреді. Түстері де соған сай таңдалған: қызыл – Канада, жасыл – Мексика, көк – АҚШ. Бетінде үйеңкі жапырағы, қыран құс пен жұлдыз бейнеленген.
Алдыңғы қатарлы технология
Trionda – тек үш мемлекеттің бірлігін ғана емес, сонымен қатар заманауи технологияны да білдіреді. Доптың ішіне арнайы чип орнатылған. Ол 500 Гц жиілікте жұмыс істеп, қозғалыс туралы нақты деректерді нақты уақыт режимінде береді. Бұл шешім төрешілер мен VAR жүйесінің жұмысын жеңілдетеді.
Жаңа доп 2026 жылдың маусымында басталатын футболдан әлем чемпионатының барлық матчында қолданылатын болады.