$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында жол апатынан Камаз аударылып, бір адам көз жұмды

Қайғылы оқиға «Чернорецк-Ольгино-Успенка-Щербакты» автожолында болды

Павлодар облысында жол апатынан Камаз аударылып, бір адам көз жұмды
Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында адам шошырлық жол апатынан Камаз аударылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиға салдарынан жүргізуші қаза тауып, жолаушы жарақат алды.

Алдын ала деректер бойынша, 3 қазан күні «Чернорецк-Ольгино-Успенка-Щербакты» автожолында, Ольгино ауылынан 9 шақырым жерде Камаз көлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, көлікті аударып алған.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау қажеттігін еске салады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары