$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 15:07
Жаңалықтар

Қостанай облысы әкімінен коронавирус анықталды

Архимед Мұхамбетов оқшаулану режиміне кеткенін мәлімдеді

Қостанай облысы әкімінен коронавирус анықталды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінен COVID-19 анықталғанын хабарлады. Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желіде жазды.

«Барлық сақтық шараларын сақтағаныма қарамастан, менің COVID-19 вирусына тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулану режимінде боламын және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз», - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Бұған дейін Алматы облысы әкімінен, Павлодар мен Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарларынан, Түркістан мен Теміртау қалалары әкімдерінен де коронавирус табылған болатын.

Серіктес жаңалықтары