Қарағанды облысында әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылды
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысында әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаны облыстық Полиция департаменті ресми түрде растап, агенттік тілшісіне түсініктеме берді.
ПД мәліметінше, полицияның тірек пункттерінің бірінен азаматшаның денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр.
Сол сияқты оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді.
«Аталған жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды.
Барлық іс-әрекет мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.
Азаматтарды шындыққа жанаспайтын ақпарат таратудан бас тартуға шақырамын», – дейді Полиция департаменті.