$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да тіс емханасы 415 мың теңгеге қызмет көрсетіп, зейнетақы қорынан 2 млн теңге алған

Өскеменде тіс емханасы 1,5 млн теңгеден астам ақшаны қайтарып беруі тиіс

ШҚО-да тіс емханасы 415 мың теңгеге қызмет көрсетіп, зейнетақы қорынан 2 млн теңге алған
Фото: istockphoto.com

Өскемен қаласының тұрғыны тіс емханасымен 2 млн теңгеге шарт жасасқан. Қаржы зейнетақы жинағынан біржолғы төлем есебінен бөлінген. Бірақ көрсетілуі тиіс қызмет сол қалпы толық орындалмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот дерегінше, 2021 жылдың сәуірінде азамат клиникамен имплантация және протездеу бойынша келісімге келген. Алайда нақты көрсетілген қызмет көлемі 415 мың теңгемен шектеліп, қалған 1 585 000 теңге игерілмеген. Клиника мұны «мамандардың жоқтығымен» түсіндірген.

Сот процесі

Азамат бірнеше рет сотқа дейінгі шағым жолдағанымен, қаржысы қайтарылмаған. Істі қараған Өскеменнің азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты келісімшарт талаптарының орындалмағанын анықтады.

Жауапкер сотқа шақырылғанымен, процеске қатыспаған және қарсылық білдірмеген.

Шешім

Сот талапкердің арызын толық қанағаттандырып, тіс емханасына азаматқа 1 585 000 теңгені арнайы шотқа қайтаруды міндеттеді. Сонымен қатар сот шығындары ретінде 220 411 теңге өндіріледі.

Шешім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары