$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында мемқызметкер бір ай бойы жұмысқа келмегені үшін соттан бір-ақ шықты

Жалған аурухана парағын қолданған мемлекеттік қызметші босатылды

Түркістан облысында мемқызметкер бір ай бойы жұмысқа келмегені үшін соттан бір-ақ шықты
Фото: istockphoto.com

Түркістанның ауданаралық сотында мемлекеттік қызметшіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айларында бір ай бойы еш себепсіз жұмысқа келмей, белгісіз тұлғадан жалған еңбекке жарамсыздық парағын алып, оны кадр бөліміне тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот анықтағандай, айыпталушы жалған құжатты саналы түрде қолданған және бұл әрекет қылмыстық іс болып саналады.

Заңдағы жаза

Соттың мәліметінше, жалған құжаттар пайдаланылғаны үшін мынадай жазалар көзделген:

  • 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл;
  • дәл сол көлемде түзеу жұмыстары;
  • 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;
  • 40 тәулікке дейінгі қамау.

Сот үкімі

Іс барысында прокурор айыпталушыға айыппұл тағайындауды сұрады, ал айыпталушы өзін ақтауды өтінген.

Оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалар қорытындыларымен және басқа да дәлелдермен расталды.

2025 жылдың 11 шілдесіндегі сот үкімімен мемлекеттік қызметшіге 314 560 теңге айыппұл салынды. Алайда Рақымшылық туралы заңға сәйкес ол жазадан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары