$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Торт үшін ақшасын ала алмай жүрген кондитер блогерден 3 млн теңге моральдық төлем талап етті

Ол желідегі ақпарат кесірінен күйзеліске түскен

Торт үшін ақшасын ала алмай жүрген кондитер блогерден 3 млн теңге моральдық төлем талап етті
Фото: https://www.threads.com/@arzhan.saduaqas/p

Блогердің мерекесіне орай 600 мың теңге тұратын торт пісіріп беріп, оның ақшасын ала алмай жүрген кондитер Нұршат Ақбергенованың адвокаты Аржан Сәдуақас жәбірленуші 3 млн теңге моральды төлем талап етіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Моральдық зиян мәселесін атап өткім келеді. Менің сенім білдірушімнің моральдық зияны әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралған ақпараттан туындады. Талапкер тарапынан айтылған сөздер ішінде «алаяқ» деген ауыр айыптаудан бөлек, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын өзге де сөздер қолданылды. Бұл жағдай оның жан дүниесіне ауыр соққы беріп, терең күйзеліске әкелді. Сондықтан ол өзіне тиген моральдық зиянды субъективті түрде 3 миллион теңге көлемінде бағалап отыр», - дейді Аржан Сәдуақас.

Осыған дейін блогерді қорғайтын тарап сот отырысы БАҚ-тың қатысуынсыз өтсін деген талап қойған еді. Тортқа қатысты соттың материалдарын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар. 

Серіктес жаңалықтары