$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада 23 жастағы бойжеткен ірі көлемде есірткімен ұсталды

Оның үйінен мефедрон есірткісі табылды

Астанада 23 жастағы бойжеткен ірі көлемде есірткімен ұсталды
Фото: Астана ПД

Елордада полиция қызметкерлері 23 жастағы тұрғынды үйінде мефедрон сақтағаны үшін қолға түсірді. Жедел шаралар прокуратураның үйлестіруімен жүргізіліп жатқан есірткі қылмыстарына қарсы 30 күндік кешенді іс-шара аясында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қыз «қоймашы» рөлін атқарған

Күдікті үйінің кіреберісінде жасырын «қоймаға» есірткі қалдыруға дайындалып жатқан жерінен ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ерекше иісі бар, мефедрон болып саналатын 40 түйіншек табылды.

Пәтерін тексеру барысында полицейлер тағы жарты келі мефедрон, сондай-ақ шкафтан есірткіні бөліп-орауға арналған электронды таразы мен құрал-жабдықтарды тапты. Тергеу деректеріне сүйенсек, ол есірткі партияларын қабылдап, сақтап, кейін интернет арқылы тарататындарға жеткізіп отырған.

Қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция есірткі сақтау, тарату және делдалдық жасау ауыр қылмыс болып саналатынын, ол үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Айлық аясында «Астана – есірткісіз қала» ұранымен рейдтер, тексерістер және профилактикалық шаралар жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары