30.09.2025, 08:05
Жаңалықтар
Қазақстандық гимнаст әлемдік турнирде алтын медаль жеңіп алды
Отандасымыз финалда 14.750 ұпай жинап, жеңімпаз атанды
Фото: Olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Olympic.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы кермедегі жаттығуларда жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Карими финалда 14.750 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Одан кейінгі орынға колумбиялық Анхель Барахас (14.650) тұрақтаса, Чили өкілі Луциано Летелье (14.250) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Патанин еркін жаттығуларда жеңіске жеткен еді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы