$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы полициясы «Қайрат – Реал» матчының алдында маңызды мәлімдеме жасады

Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері тартылды  

Алматы полициясы «Қайрат – Реал» матчының алдында маңызды мәлімдеме жасады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы қаласының Полиция департаменті «Қайрат – Реал» матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті Алматылықтар және қала қонақтары! Ертең біздің шаһарымызда үлкен спорттық оқиға – «Қайрат – Реал» халықаралық матчы өтеді. Алматы әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлерді қабылдауға дайын.

Бұл біз үшін тек футбол мерекесі ғана емес, сондай-ақ Алматының шынайы келбетін – қонақжайлылықты, мәдениетті және бір-біріне деген құрметті көрсету мүмкіндігі.

Алматы полициясы қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қоғамдық тәртіпті қорғауға полиция қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері тартылған», – дейді ПД.

Ведомство мәліметінше, матч өткізілуіне байланысты көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізіледі.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын бұл уақытша шараларға түсіністікпен қарап, бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырамыз.

Команданы бар ынтамен, бірақ мәдениетті түрде қолдаңыздар! Көшеде, стадионда және көлікте тәртіпті сақтаңыздар. Бірге тазалық пен мерекелік атмосфераны сақтайық.

Сіздердің жауапты әрекеттеріңіз – Алматы мен Қазақстанның имиджіне қосқан үлес. Біз мақтана алатын қала екенімізді көрсетейік!» – дейді қалалық Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары