$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде ЖЭО-1 және 21 қазандық нысаны арқылы жылу беріледі

Жалпы ұзындығы 5,38 шақырымды құрайтын жылу желілерінде де жөндеу жұмысы жоспарланған

Семейде ЖЭО-1 және 21 қазандық нысаны арқылы жылу беріледі
Фото: gov.kz

Биыл Семейдің саябақтары мен алаңдарын күтіп ұстауға 2 млрд 580 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға мердігер «Зеленстрой Семей» ЖШС бекітілген. Жоспарға сәйкес, көктемгі маусымда қала көшелеріне жөке, емен, сібір шыршасы тұқымдас 213 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, «Абай жолы» аллеясында және жол қиылыстарында 2400 шаршы метр аумаққа ағаштар егілді.

Қала аумағында гүлзарларды отырғызу да кең көлемде жүргізілді. Жалпы ауданы 7264,9 шаршы метрді құрайтын гүлзарлардың ішінде 7199,9 шаршы метрі біржылдық гүлдер, ал 145 шаршы метрі раушан гүлдері болды. Орталық саябақта, Әуежай аумағында, Орталық алаңда және ескерткіш нысандарында 2863 дана раушан гүлдері отырғызылды.

Көгалдандыру жұмысының жалпы аумағы 442 426 шаршы метрді қамтыды. Оның ішінде арамшөптерді жою, көгалды қырқу, суару және күтім жасау жұмыстары бар. Жаңа көгалдардың жалпы ауданы – 5500 шаршы метр.

2025 жылы Семейде 22 ауланы абаттандыру жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер анықталды. Жұмыс жазғы маусымда басталып, тұрғындар үшін жаңа балалар алаңдары, демалыс орындары мен көгалдандырылған аумақтар жасақталмақ.

Семей қаласында жылумен қамту жүйесі 21 қазандық пен «Теплокоммунэнерго» МКК-нің ТЭЦ-1 станциясы арқылы жүзеге асады. Жалпы жылу желілерінің ұзындығы – 346,71 шақырым, тозу деңгейі – 61,5 пайыз.

Қаланың тұрғын үй шаруашылық бөлімі хабарлағандай, Семей қаласында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмысы жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Қаланы жылумен қамтамасыз ету жүйесі ЖЭО-1 және 21 қазандық нысаны арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 5,38 шақырымды құрайтын жылу желілерінде де жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінге дейін бұл желілердің 4,89 шақырымында жұмыс толықтай аяқталды.

Алдағы 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мақсатында жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

Жалпы, жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға 1,86 млрд теңгеге сметалық құжат дайындалған.

Серіктес жаңалықтары