$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар спорт шеберіне үміткер атанды

Бұл – үш жылдық еңбектің нәтижесі, дейді федерация президенті

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар спорт шеберіне үміткер атанды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада зияткерлік дамуында ерекшелігі бар елордалық спортшылар –Дастан Ордабай мен Әмір Алпамысқа «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат» атағы берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана әкімдігінің мәліметінше, Дастан Ордабай бұл атақты зияткерлік дамуында ерекшелігі бар спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан алса, Әмір Алпамыс осы санатта жүзуден иеленді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстандағы зияткерлік дамуында ерекшелігі бар спортшылар арасындағы тұңғыш жетістік.

Зияткерлік дамуында ерекшелігі бар адамдарға арналған спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева бұл жетістік үш жылдық еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.

«Бұл жетістіктің артында Федерацияның үлкен әрі жүйелі жұмысы тұр. Біздің команда тарапынан ауқымды дайындық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жүргізілді. Туризм және спорт министрлігіне жан-жақты қолдауы, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарымызды қолдап, дамытқаны үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Алғаш рет мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Республикалық спартакиада бағдарламасына зияткерлік дамуында ерекшелігі бар спортшыларға арналған жеке класс енгізілді. Бұл – қазақстандық спорттағы инклюзивтік мүмкіндіктерді кеңейтудегі маңызды қадам болды.

Спортшыларымыз дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті, нәтижесінде бірқатар қатысушыға Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат атағы берілді», – деді Дина Темірғалиева.

Серіктес жаңалықтары