«VIP-орындар»: алматылықтар Реал мен Қайраттың ойыны көрінетін шатырларды жалға беріп жатыр (ВИДЕО)
Осылайша, кейбір тұрғындар «Қайрат» – «Реал» матчын кәдімгі табыс көзіне айналдырды

Алматыда өтетін тарихи ойынға билет жетпей қалған жанкүйерлер қапаланса, кей тұрғындар бұл жағдайды ақша табудың мүмкіндігіне айналдырып, тұрғын үйлердің шатарын жалға бере бастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Стадионға қарама-қарсы үйлердің тұрғындары ойын жақсы көрінетін пәтерлерді жалға беріп жатыр. Бағасы қарапайым матч билеттерінен кем түспейді. Екі билеттің бағасына млн теңгеден артық ақша сұрағандар бар. Ал бір билеттің 500 мың теңгеге саудаланып жатыр.
Кейбіреулер одан да креативті жол тапқан. Әлеуметтік желіде стадионды толық шолуға болатын шатырдағы орындар 120 000 теңгеге ұсынылған. Жарнама иесі «атмосферасы стадионнан еш кем емес» деп сендіріп отыр.
«Мына шатырлардан 15 орынды 120 мыңнан сатамыз. Матч жақсы көрінеді. Орындар шеектеулі», - дейді олар.
Жанкүйерлер арасында бұл ұсынысқа қызыққандар да, бағасын «шектен тыс» деп сынға алғандар да бар.
Айта кетейік, ертең 30 қыркүйекте «Қайратпен» ойнайтын «Реал Мадрид» ойыншылары кеше түнде Алматыға жетті. Олар Алматыдағы «Intercontinental Almaty» қонақ үйіне орныққан.