Маңғыстау облысында Путин есімді полицей қызмет етеді
24 жастағы полицей Ақтауда дүниеге келген

Маңғыстау облысында өткен «Қауіпсіз жол» акциясы аясында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Алайда жұртшылықтың назарын рейдтің өзі емес, оған қатысқан полиция қызметкерінің аты-жөні – Путин Файзулла аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
24 жастағы полицей Ақтауда дүниеге келген. Оның әжесі немересіне Ресей президенті Владимир Путиннің құрметіне есім берген. Файзулланың айтуынша, «Путин» сөзі көне славян тілінен шыққан және «жол» дегенді білдіреді.
«Мен ешқашан атымнан ыңғайсыздық көрген емеспін. Керісінше, ол тез есте қалады және кез келген адамды еріксіз күлдіреді», - дейді полиция қызметкері.
Файзулла 2024 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп, Мұнайлы ауданының Дәулет және Жаңа-Дәулет ауылдарында учаскелік инспектордың көмекшісі болып жұмыс істейді. Жас полицей үйленген, екі жасар қызы бар. Бұған дейін еркін күреспен айналысып, спорт шеберіне кандидат атанған.