$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда автосалон клиентіне жол апатына ұшыраған көлікті сатып жіберген

Сот автокөлік иесінің құқықтарын қорғады

Петропавлда автосалон клиентіне жол апатына ұшыраған көлікті сатып жіберген
Фото: istockphoto.com

Петропавлда автосалон клиентіне жол апатына ұшыраған көлікті сатып жібергені анықталды. Олардың ісі сотта қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың мәліметінше, тұтынушы құқығын қорғау туралы азаматтық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды.

«Сотқа жүгінуге себеп – талап қоюшының жаңа автокөлік сатып алып, көп ұзамай ақау анықтауы болды. Ол көліктің алдыңғы оң жақ қанатының түсі басқа кузов бөліктерінен ерекшеленетінін байқаған. Сараптама қорытындыларына сәйкес, бұл бөлік автокөлік сатып алушыға берілмей тұрып қайта боялғаны анықталған.

Бірінші сатыдағы сот тұтынушыға алдын ала ескертілмеген, сапасыз тауар сатылған деген қорытындыға келді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға сүйене отырып, сот автокөлік бөлшегін ауыстыру және моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырды.

Жауапкер сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді. Іс материалдарын және тараптардың уәждерін зерделеген сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қорытындылары дәлелдерге негізделгенін және заң талаптарына сәйкес екенін анықтады», - делінген сот хабарламасында.

Белгілі болғандай, бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалып, апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ. Сот актілері заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары