Балқашта ерлі-зайыпты дәрігер үйімен бірге өртеніп кетті
Түнде үйде өрт шыққан, бірақ бұл туралы құтқарушылары тек таңертең білген

Балқашта ерлі-зайыпты екі дәрігер үйімен бірге өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Patriotnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қаза болған Наталья Евгеньевна Шерстова мен Юрий Аркадьевич Шерстов – зейнеткер. Әйел адам психиатр болған. Ал ері – құрметті спорт дәрігері болған.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте болды. Түскі уақытта өртке қарсы қызметке марқұм дәрігерлердің туыстары қоңырау шалып, үй ішін қалың түтін басқанын және өрттің салдары байқалатынын хабарлаған. Өрт сөндірушілер келгенде ашық жалын болмаған. Өрттің аумағы – 30 шаршы метр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Белгілі болғандай, қаза тапқан дәрігерлердің ұлы Қарағанды қаласындағы №3 көпсалалы аурухананың емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істейді.