28.09.2025, 00:16
Жаңалықтар
Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды
ҚР ТЖМ мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
Қазақстан аумағында 27 қыркүйек күні сағат 22:51-де жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Құтқарушылардың мәліметінше, эпицентр Алматыдан 852 шақырым солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Семей қаласында жер сілкінісінің есептік күші қарқындылық шкаласы бойынша 2 баллды құрады.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жер сілкінісі кезінде алдын ала ойластырып қоюға тиіс 10 қарапайым қадам:
- Сабыр сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз;
- Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты қолданбаңыз;
- Жиһаздан, терезеден, шамнан аулақ болыңыз;
- Сенімді әрі мықты паналау орнын табыңыз, егер жоғарғы қабаттарда болсаңыз, негізгі тірек қабырғалардың бұрышында тұрыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (көпқабатты үйлерде дүмпу тоқтаған соң);
- Су, газ, электр қуатын ажыратыңыз;
- Алдын ала дайындалған «дабыл сөмкесін» алыңыз;
- Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ жүріңіз;
- Қайталама дүмпулерге дайын болыңыз;
Қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
Көп оқылған
14.05.2026, 10:40
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын бозбаланы пышақтап өлтірген қылмыскер анықталды (ВИДЕО)
14.05.2026, 15:27
«Жұмыстан кеткіңіз келсе – кетіңіз»: Аймағамбетов «жұмыстан шыға алмай жүрген» қазақстандықтарға қуанышты жаңалық айтты
14.05.2026, 10:33
Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
14.05.2026, 16:47
Түркия Қазақстанда әскери дрон өндіретін кәсіпорын ашатын болды: Тоқаев пен Ердоған қол қойды