$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

WTA 1000: Елена Рыбакина жарақатына қарамастан америкалық қарсыласын жеңді

Кездесу 2 сағат 30 минутқа созылып, тартысқа толы өтті

WTA 1000: Елена Рыбакина жарақатына қарамастан америкалық қарсыласын жеңді
Фото: Қазақстан Теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 10-орында тұрған Елена Рыбакина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алғашқы матчта қазақстандық спортшы америкалық Кэти Макнэллимен (90-орын) кездесті. Ойын тартысты өтті: екінші сетте Рыбакина шынтағындағы жарақатына байланысты медициналық тайм-аут алды.

Ауырсынғанына қарамастан, 26 жастағы теннисші табандылық танытып, 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 30 минутқа созылып, тартысқа толы өтті.

«Соңына дейінгі күрес! Елена Рыбакина жарақатына қарамастан Макнэллиді ұтты», – деп атап өтті WTA Instagram парақшасында.

Осы жеңістің арқасында Рыбакина турнирдің үшінші айналымына шықты. Онда оның қарсыласы неміс теннисшісі Ева Лис (66-орын) болмақ.

Серіктес жаңалықтары