Қазақстанның оқушылары дрон-соккер бойынша алғашқы әлем чемпионатына қатысып жатыр
Әлем чемпионатына Астананың үш мектебінен оқушылар барған

2025 жылғы 25–28 қыркүйек аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында FIDA дрон-соккерден тарихтағы алғашқы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 30 елінен 100-ден астам команда қатысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан алғаш рет өз ұлттық құрамасын ұсынып отыр. Ел намысын елордадан барған үш команда қорғайды:
- №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі,
- №8 мектеп-лицейі,
- SKILLSET мектебі.
Жалпы, чемпионатқа Қазақстаннан 30-дан астам оқушы қатысып жатыр.
Drone Soccer – дрон технологияларын, жасанды интеллект элементтерін, инженерлік ойлауды және командалық жұмысты біріктіретін заманауи спорт түрі.
Қазақстандық оқушылардың әлемдік додаға қатысуы – STEM-білімді дамытуға, жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді арттыруға және жастар арасында жаңа технологияларды кеңінен танымал етуге жасалған маңызды қадам.