«Тукаға сенбеу керек еді»: Майғазиев пен Төлендиев тойда күш сынасты (ВИДЕО)
Сәкен Майғазиев әлі де күші қайтпағанын байқатты

Әнші Сәкен Майғазиев пен әзілкеш Нұржан Төлендиев тойда күш сынасып, кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Сәкен Майғазиев:
«Жезде, «отжимания» жасап жарысайық деп шақырып тұр. Мен 50 рет десем, ол 100 рет жасайық дейді. Кеттік онда», - дейді.
Сәкен Майғазиев жаттығуды еш қиындықсыз жасап, әлі де күші қайтпағанын байқатты. Елуді еңсерген әртістің шымыр дене бітімі жұртты таңғалдырды. Ал «Тука» қулыққа басып, тиіп-қашып, тапсырманы жартылай ғана орындады.
«Осылай жасамаса Тука бола ма?», «Сәкен аға әділ жасап жатыр», «Тукаға сенген Сәкен де ақымақ», «Тука Тукалығын жасады», - деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиев тойда болған кездейсоқ жағдайдың видеосын жариялаған болатын. Бейтаныс әйел әншінің анасына сыйлық алып келген.