$ 541.68  636.26  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар АҚШ-қа поштамен зат жібере алмайтын болды

АҚШ Қазақстаннан пошта арқылы сәлемдеме қабылдамайды

Қазақстандықтар АҚШ-қа поштамен зат жібере алмайтын болды
Фото: qazpost.kz

Қазақстандықтар қазіргі уақытта АҚШ-қа пошта арқылы сәлемдемелер мен тауар жібере алмайды. Оған себеп – Америка Құрама Штаттары кез келген сәлемдемені қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Қазпоштаға» сілтеме жасап.

«Қазпоштаның» мәліметінше, АҚШ-тың шекаралық-кедендік қызметінің 26 тамыздағы шешіміне байланысты, аталған елдегі алушыларға тауар салынған сәлемдемелерді қабылдау мен жеткізу уақытша тоқтатылады.

Ал хаттар мен құжаттарды жіберу әдеттегі тәртіппен жалғаса береді.

«Шектеуді америкалық тарап енгізді және ол көптеген елден келетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қолданылады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің тек 5-еуі ғана АҚШ-қа тауары бар сәлемдеме жібере алады.

«Қазпошта» АҚ серіктестермен тұрақты байланыста және қызметті жылдам қалпына келтіру үшін белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген «Қазпоштаның» хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары