$ 545.01  642.84  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында 140-тан астам жетім бала баспанасыз қалған

Прокуратура мұқтаж адамдарға 298 пәтер алуға көмектесті

Қарағанды облысында 140-тан астам жетім бала баспанасыз қалған
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысының прокуратурасы азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тұрғын үй құрылысының және жалға берілетін пәтерлерді сатып алу заңдылығын тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қадағалау шаралары барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Сапасы сәйкес келмейтін пәтерлер сатып алынып, оларды бөлу процесі кешіктірілген. Бюджетке 50 миллион теңгеден асатын жалдау төлемдері түспеген. Иесі жоқ 417 пәтерге қатысты тиісті шара қабылданбаған. Тұрғын үй беру тәртібінің бұзылуы салдарынан 144 жетім бала есепке алынбаған.

«Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес ұзақ уақыт бойы баспана күткен азаматтарға 298 пәтер берілді. Оның ішінде 82 пәтерді жетім балалар алды.

Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары