$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Жыл басынан бері төленген зейнетақы көлемі жарияланды

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Биыл зейнеткерлерге республикалық бюджеттен 2,8 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Зейнетақы төлемдері инфляциядан жоғары қарқынмен өсіп келеді. Мұндай мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2025 жылдың басынан республикалық бюджеттен 2 трлн 804,4 млрд теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде:

  • 907,4 млрд теңге – базалық зейнетақыға;
  • 1 трлн 897 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға жұмсалды.

Зейнеткерлер саны және орташа зейнетақы

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 2 млн 503 мың зейнеткер бар. Орташа жиынтық зейнетақы мөлшері – 142 894 теңге. Оның ішінде:

  • ынтымақты зейнетақы – 95 326 теңге;
  • базалық зейнетақы – 47 568 теңге.

Зейнетақы мөлшерінің өсімі

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • базалық зейнетақы 6,5%-ға;
  • ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары көтерілді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде базалық зейнетақы кезең-кезеңімен артып, ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ең жоғарысы 120%-ына жетпек.

2025 жылдан бастап жаңа мөлшерлер

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі базалық зейнетақы – 32 360 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы);
  • ең жоғары базалық зейнетақы – 50 851 теңге (күнкөріс деңгейінің 110%-ы).

Зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілін есептеу

  • 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы әр алушыға зейнетақы жүйесіндегі өтіліне қарай жеке тағайындалады.
  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйедегі еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген жылдар да есепке алынады.

Есептеу тәртібі:

  • 10 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтарға – күнкөріс деңгейінің 70%-ы;
  • 10 жылдан асқан әр жыл үшін – қосымша 2%;
  • 20 жыл өтілге – күнкөріс деңгейінің 90%-ы;
  • 30 жыл және одан көп болса – күнкөріс деңгейінің 110%-ы төленеді.

Міндетті жарналардың тұрақтылығы маңызды

Егер бір айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет жарна аударылса да, ол бір ай еңбек өтілі ретінде есептеледі. Сондықтан жарналарды тұрақты әрі толық төлеу – болашақта базалық зейнетақы мөлшерінің артуына тікелей әсер етеді.

Зейнетақы мөлшеріне әсер ететін негізгі факторлар

Зейнетақы көлемі мынаған байланысты есептеледі:

  • 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтілі (кемінде 6 ай болуы тиіс);
  • зейнетке шығар алдындағы орташа айлық табыс.
Серіктес жаңалықтары